"Қайрат" өз алаңында "Алашкерт" командасын жеңе алмады

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі "Қайрат" пен "Алашкерт" арасындағы кездесу тең аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Алматы қаласындағы Орталық стадионда өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды. 

Ойынның бірінші таймында "Қайрат" командасы бірнеше жақсы мүмкіндікті пайдалана алмады. Алматылық команда тарапынан бір шабуылды қақпашы Огнен Чанчвревия құтқарса, екінші сәтті біздің команданың шабуылшысы сәтті түйіндей алмады. 

Ал матчтің 36-минутында "Қайрат" өз қақпасына гол жібере жаздады. Раде Дугалич айып алаңының ішінде ереже бұзды. Төреші пенальти белгіледі. Бірақ Александр Глишичтің тепкен добы қақпа майдайшасына тиді. 

Екінші таймда екі командада гол соғатын мүмкіндік болды. Алайда футболшылар мүмкіндіктерін мүлт жіберіп жаттыр. Сөйтіп ойын тең аяқталды. Енді жауапты кездесу бір аптадан кейін Арменияда өтеді. 

Еске салайық, биыл "Қайрат" Еуропадағы жарыс жолын Чемпиондар лигасынан бастады. Бірақ екінші айналымда сербиялық "Црвена Звезда" командасынан жалпы есепте 2:6 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасына түсіп қалды. 

Егер енді "Қайрат" "Алашкертті" жеңіп келесі кезеңге шығатын болса, плей-офф кезеңінде Чемпиондар лигасында "Мальме" (Швеция) - "Рейнджерс" (Шотландия) командалары арасындағы жеңілген клубпен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар