"Қайрат" Еуропа лигасының үшінші кезеңіде "Тоттенхэммен" кездесуі мүмкін

Сурет "Қайрат" командасының ресми сайтынан алынды.
"Қайрат" командасының Еуропа лигасының үшінші кезеңінде қарсылас болуы мүмкін деген командалардың тізімі белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Үшінші кезеңде алматылық команда мына ұжымдармен кездесуі мүмкін. 

-  "Бала Таун" (Уэльс) - "Стандард" (Бельгия) жұбының жеңімпазы;

- "Ростов" (Ресей);

- "Локомотив" (Пловдив, Болгария) - "Тоттенхэм" (Англия) жұбының жеңімпазы.

Үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі 1 қыркүйек күні Швейцарияның Ньон қаласында тартылады. 

Бірақ "Қайратқа" әлі екінші кезеңнен өту керек. 17 қыркүйек күні алматылық команда екінші іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда "Маккаби" (Хайфа, Израиль) - "Железничар" (Сараево, Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Биыл Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде жеңімпаздар бір ойынның қорытындысы бойынша ғана анықталады. 


Метки:
Жаңалықтар