"Қайрат" Еуропа лигасының үшінші айналымына шықса "Ростовпен" ойнайды

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Бүгін, 1 қыркүйек күні Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Алматылық "Қайрат" егер үшінші кезеңге шығатын болса, ресейлік "Ростов" командасымен кездесетін болады. Бұл ойын Ресейде өтеді. 

Айта кетейік, биыл Еуропа лигасының іріктеу кезеңдері жанкүйерсіз өтіп жатыр. Матчтар бір ойыннан ғана тұрады. Үшінші іріктеу кезеңіндегі ойын 24 қыркүйек күні өтеді. 

Бірақ ол үшін "Қайрат" екінші іріктеу кезеңінен өтуі керек. Алматылық ұжым 17 қыркүйек күні сырт алаңда "Маккаби" (Хайфа, Израиль) - "Железничар" (Сараево, Босния және Герцеговина) командалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 






Метки:
Жаңалықтар