"Қайрат" Еуропа лигасының бірінші айналымынан сәтті өтті

Алматылық "Қайрат" клубы Еуропа лигасының бірінші айналымында армениялық "Нао" клубымен кездесіп, жеңіске жетті.

Алматының Орталық стадионында өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды. Алғашқы голды кездесудің 8-минутында ресейлік шабуылшы Кирилл Бор соқты.

"Қайрат" есепті Гүлжігіт Алықұловтың көмегімен теңестірді. Қырғызстандық шабуылшы 12-минутта көзге түсті. Ал матчтың 35-минутында Вагнер Лав алматылық клубты алға шығарды. Бұл бразилиялық шабуылшының "Қайрат" сапындағы бірінші голы еді.

Екінші таймда Лав қаншығасын тағы майлады. Ол 70-ммнутта есеті 3:1-ге жеткізді. 94-минутта Эсеола матчқа нүкте қойды.

Осылайша алматылық клуб Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты. Ал екінші кезеңнің жеребесі 31-тамыз күні өтеді.
Метки:
Жаңалықтар