"Қайрат" Еуропа лигасындағы ойындарын қайта өткізетінін мәлімдеді

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Өткен маусымда Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері атанған "Қайрат" Еуропа лигасындағы ойындарын Алматы қаласында өткізетінін хабарлады. 


Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде өткен жеребе тарту рәсімі кезінде "Қайраттың" қарсыласы анықталды. Ол - армениялық "Ноа". Кездесу 27 тамыз күні өтеді. Жеңімпаз бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады. 

"Қайрат" Еуропа лигасындағы "Наоға" қарсы кездесуін 27 тамыз күні Алматы қаласында өткізеді. Кездесудің нақты уақытын кейінірек хабарлаймыз", - делінген клуб таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Қазақстандағы коронавирустың өршіп кетуіне байланысты біздің клубтардың ойынын басқа жерде өткізуі мүмкін екенін айтты. Еуропа лигасы іріктеу кезеңінен ойындары жанкүйерсіз өтеді. Егер қажет болатын быолса қосымша уақыт пен пенальти де болады.



Метки:
Жаңалықтар