auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ибрагимович тұңғыш рет еурокубокта жүлде алды

Чемпиондар лигасында, не Еуропа лигасында Ибрагимович осы күнге дейін жүлдеге ие болып көрмеген.

Ибрагимович тұңғыш рет еурокубокта жүлде алды
© Gettyimages.ru
"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Златан Ибрагимович маусым қорытындысы бойынша, тұңғыш рет спорт мансабында еурокубоктық трофейді жеңіп алды.

24-нен 25-не қараған түні Еуропа лигасының финалында "Манчестер Юнайтед" пен "Аякс" командалары кездесіп, ойын 2:0 есебімен ағылшындардың пайдасына шешілді. Ибрагимович осы шешуші ойынға жарақат алуына байланысты қатыса алмады. Бірақ Еуропа лигасында 11 ойын өткізіп, бес гол салды және үш рет нәтижелі пас шығарды.

Осыған дейін Златан тек УЕФА-ның Суперкубогында жеңіске жеткен. Атақты футболшы 2009 жылы "Барселона" сапында жүріп жүлде алған болатын. Чемпиондар лигасында, не Еуропа лигасында Ибрагимович осы күнге дейін жүлдеге ие болып көрмеген.

Айта кетейік, "МЮ" өз тарихында бірінші рет Еуропа лигасында жеңіске жетіп отыр. Бұл жеңіс ағылшындық командағакелесі маусымда Чемпиондар лигасына шығуға мүмкіндік берді. "Манчестер Юнайтед" квалификаци ойындарын өткізбей-ақ, топтық ездесулерден бастайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар