Лига Европы
20 қараша 2017 16:25
 
France Football тілшісі "Астана" мен Вильярреал" арасындағы кездесуге болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

France Football тілшісі "Астана" мен Вильярреал" арасындағы кездесуге болжам жасады © Reuters

Франциялық комментатор және France Football журналы мен L'Équipe газетінің шолуышысы Танги Ле Севилье Vesti.kz порталының тілшісіне алдағы Еуропа лигасы аясында өтетін кездесуде "Астана" үшін "Вильярреал" сапындағы ең қауіпті футболшы кім болатынын айтты. 

"Бұл кездесу "Астана" үшін қиын болмақ. Менің ойымша, "Вильярреал" сапындағы ең қауіпті футболшы - Седрик Бакамбу. Оның Испания біріншілігіндегі ойыны мені қатты таңғалдырды. Ол қазіргі уақытта Ла Лиганың үздік сұрмергендерінің бірі және көрсеткішін арттырып жатыр. Бірінші кезекте "Астана" қорғаушылары осы шабуылшыны тұсап ұстауы керек. Егер Бакамбуді бақылауға алатын болса, "Астана" жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Шамамен ойын тең нәтижемен аяқталатын шығар. 

Негізі бұл ойында бір құрамада ойнайтын Бакамбу мен Кабананганың ойынын көру қызық болып тұр. Қазір екі шабуылшы да Конго Демократиялық Республикасының намысын қорғайды", - дейді Ле Севилье. 

Айта кетейік, "Вильярреалдың" шабуылшысы Седриб Бакабу Ұлттық құрамасы сапында сегіз ойын өткізіп, екі гол соққан. Ал елордалық клубтың шабуылшысы Жуниор Кабананга болса 11 кездесуге қатысып, үш рет көзге түскен. 

Еске салайық, "Астана" мен "Вильярреал" арасындағы кездесу 23 қараша күні "Астана - Арена" стадионында өтеді. Бұрнағы күні біздің команданың еншісінде жеті ұпай бар. А тобында екінші орында келеді. "Вильярреал" болса сегіз ұпаймен бұл топта көш басында. 

Жарнама

Живи спортом!