Лига Европы
7 тамыз 2020 11:24

Еуропа лигасының ширек финалына шыққан барлық командалар анықталды

Сурет: УЕФА©
Футболдан Еуропа лигасының ширек финалына шыққан барлық командалар анықталды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 


Кеше "Вулверхэмптон" өз алаңында "Олимпиакос" командасына 1:0 есебімен жеңді. Ал "Севилья" неміс жерінде "Ромадан" (2:0) есебімен басым түссе, "Базель" жауапты кездесуде "Айнтрахт" командасын (1:0) есебімен, ал "Байер" шотландиялық "Рейнджерс" (1:0) ұжымын жеңді. Осылайша ширек финалға шыққан барлық командалар анықталды. 

Ширек финалдық ойындар Германияда өтеді. 

10 тамыз
"Манчестер Юнайтед" (Англия) - "Копенгаген" (Дания)
"Интер" (Италия) - "Байер" (Германия)

11 тамыз 
"Шахтер" (Украина) - "Базель" (Швейцария)
"Вулверхэмптон" (Англия) - "Севилья" (Испания)

Еске салайық, Еуропа лигасының ширек финалынан бастап барлық кездесулер Германияның төрт қаласында болады. Финалдық кездесу 21 тамызға жоспарланған.