Еуропа лигасындағы жеңісінен кейін "Қайрат" УЕФА рейтингінде 17-орынға жоғарылады

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен кейін клубтар арасындағы УЕФА рейтингі жаңартылды,- деп хабарлайды KazFootball.kz.

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Динамо-Брест" командасынан 0:3 есебімен жеңілген "Астана" командасы үш саты төмен түскен. 

Армениялық "Ноа" командасын жеңген "Қайрат 17 орынға жоғары көтеріліпті. 

Бірінші айналымда румыниялық "Ботошани" командасынан ұтылған "Ордабасы" ұжымы 42 орынға төмен түскен. 

Ал "Қайсар" болса, Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде енді сынға түседі. 

Жалпы УЕФА-ның клубтар рейтингінде соңғы бес маусымның қорытындысы бойынша тізім мынадай: 

59 (56). "Астана" - 22,500

163 (180). "Қайрат" - 6,000

212 (272). "Динамо-Брест" - 5,000

299 (297). "Ботошани" - 1,500

308 (–). "Қайсар" - 1,500

309 (267). "Ордабасы" - 1,000

395 (–). "Ноа" - 1,000
Метки:
Жаңалықтар