Еуропа лигасында ойнайтын "Ордабасының" қарсыласы румыниялық клуб атанды

Сурет "Ордабасы" клубының сайтынан алынды.
Еуропа лигасында өнер көрсететін шымкенттік "Ордабасы" командасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жеребенің қорытындысы бойынша "Ордабасының" қарсыласы румыниялық "Ботошани" командасы болды. Бұл ұжым өткен маусымда Румыния біріншілігінде төртінші орын алған болатын. Жеңімпаз бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады. 

Матч 27 тамыз күні Румынияда жанкүйерсіз өтеді. Егер қажет болатын болса қосымша уақыт пен пенальти де болады.

Жалпы "Ордабасы" Еуропа лигасында ең бірінші рет 2013 жылы ойнаған еді. Бұл турнирде бақ сынаған бес маусымда шымкенттік команда үш рет бірінші айналымнан аса алмады. Тек 2013 және 2019 жылдары екінші кезеңге өткен болатын. 





Метки:
Жаңалықтар