Лига Европы
17 қыркүйек 2020 21:39

Еуропа лигасында бірінші рет ойнаған "Қайсар" екінші айналымда оңбай жеңілді

Сурет "Қайсардың" сайтынан алынды.
Қызылордалық "Қайсар" Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде кипрлік АПОЭЛ командасынан ірі есеппен жеңіліп, турнирден шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Шымкентте өткен бұл кездесу 1:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. 

Есепті негізі қызылордалық команда ашқан еді. "Қайсардың" Еуропа лигасындағы бірінші голының авторы Элгуджа Лобжанидзе атанды. Ол алтыншы минутта көзге түсті. 

Бірақ АПОЭЛ бірінші таймда есепті теңестіріп қана қоймай, алға да шықты. 15-минута қонақтардың капитаны Томас Де Винсенти есептті теңестірсе, он минут өткен соң Ануар Тухами екінші голды соқты. 

Кипрлік команда ойыншылары екінші таймды да жақсы бастады. 48-минутта Омер Анцили есепті еселесе, қосымша уақытта аргентиналық футболшы Де Винсенти матчқа нүкте қойды. 

Осылайша қызылордалық команда өз тарихындағы Еуропа лигасының бірінші матчында оңбай жеңілді.