Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Стас Покатилов пен қорғаушы Небойша Косович команданың қатарына оралды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Бұл екі футболшы да "Қайраттың" Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде "Црвена Звезда" (0:5) кездесуге қатыса алмады. Ал аталған кездесуді алматылық команда жалпы 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Косович "Црвена Звезда" командасына қарсы бірінші кездесуде жарақат алып қалған болатын. Ал Покатилов болса Сербия еліне ұшар алдында коронавирус жұқтырып алды.
Айта кетейік, 5 тамыз күні "Қайрат" командасы Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінде армениялық "Алашкерт" командасына қарсы кездесу өткізеді.
Жауапты кездесу 12 тамызға жоспарланған.