Еуропа лигасы топтық кезеңінің екінші турында кипрлік команда жеңіске жете алған жоқ. Жорди Гомес айрықша голымен командасын алға шығарғанмен, ПСВ ойын соңына дейін жеңіске бастар жолды тапты. 2:1 есебімен Нидерландтан келген команда жеңіске жетіп, 3 ұпайды еншілеп қайтты.
Еуропа лигасында ең алыстан соғылған гол рекорды жуырда ғана жаңарған еді. Топтық кезеңдегі бірінші турда "Рейнджерс" (Шотландия) ойыншысы
Кемар Руф "Стандарт" (Бельгия) қақпасына 50 метр қашықтықтан гол соққан болатын. Ендігі рекорд – Жорди Гомес еншісінде.