"Астананың" Еуропа лигасында қарсылас болуы мүмкін деген барлық команда анықталды

Сурет: "Астана" сайтынан алынды.
Еуропа лигасындағы елордалық "Астана" командасының екінші іріктеу кезеңінде қарсылас болуы мүмкін деген барлық командалар белгілі болды. 

Турнирдің екінші іріктеу кезеңінде 92 команда өнер көрсетеді. "Астананың" қарсыласы 31 тамыз күні өтетін жеребеден кейін анықталады. Еуропа лигасының екінші іріктеу ойындары 17 қыркүйек күні өтеді. Бұл ойындар тек бір матчтан ғана болады. 

"Дандолк" (Ирландия)
"КИ Клаксвик" (Фарер аралдары)/"Слован" ???????? (Словакия)
"Динамо" Тбилиси (Грузия)
"Фола" (Люксембург)
"Юргорден" (Швеция)
"Линфилд" (Солтүстік Ирландия)
"Будучност" (Черногория)
"Флора" (Эстония)
"Рига" (Латвия)
"Коннас Куэй" (Уэльс)
"Европа" (Гибралтар)
"Арарат-Армения" (Армения)
КуПС (Финляндия)
"КР Рейкьявик" (Исландия)
"Силекс" (Солтүстік Македония)
"Флориана" (Мальта)
"Тре Фиори" (Сан-Марино)
"Дрита" (Косово)
"Интер Эскальдес" (Андорра).

Айта кетейік, "Астана" биыл еурокубокті Чемпиондар лигасында бастаған еді. Бірақ бұл турнирдің бірінші айналымында беларуссиялық "Динамо-Брест" (3:6) командасынан ұтылып қалды. 



Метки:
Жаңалықтар