Лига Европы
10 қыркүйек 2020 20:20

"Астананы" Еуропа лигасында британдық бапкер жаттықтыратын болды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Елордалық "Астана" командасының 2020/21 маусымда Еуропа лигасында ойнайтын құрамы белгілі болды,- деп хабарлайды КazFootball.kz порталы. 

17 қыркүйек күні "Астана" черногориялық "Будучность" командасына қарсы кездесу өткізеді. Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі бұл матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұл ойында елордалық ұжымды англиялық бапкер Пол Эшуорт жаттықтыра беретін болды. Еске салайық, бұл маман қызметінен кеткен чехиялық Михал Билектің орнына уақытша келген еді. 

Команданың толық құрамы мынадай:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Дмитрий Непогодов, Станислав Павлов;

Қорғаушылар: Антонио Рукавина, Урош Радакович, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Юрий Логвиненко, Жарко Томашевич, Евгений Постников;

Жартылай қорғаушылар: Макс Эбонг, Рунар Мар Сигурьонссон, Марин Томасов, Иван Маевский, Юрий Перцух, Мади Жакипбаев, Султан Сагнаев, Дидар Жалмукан, Дмитрий Шомко;

Шабуылшылар: Дорин Ротариу, Тигран Барсегян, Пиерос Сотириу, Станислав Басманов, Рамазан Каримов, Алексей Щеткин;

Бас бапкер: Пол Энтони Эшуорт.

Алдағы ойында жеңімпаз бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады. Айта кетейік, негізі биылғы маусымда "Астана" Чемпиондар лигасында" бастаған болатын. Бірақ бірінші іріктеу кезеңінде команда сырта алаңда "Динамо-Бресттен" 3:6 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды.