q5gpo6frPEkwEuiVnH4Sj7cawZyYpiEZzN9WcMCx
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" "Маккаби Тель-Авивті" 4:0 есебімен ойсырата ұтты

"Астана" "Маккаби Тель-Авивті"  4:0 есебімен ойсырата ұтты
Тұрар Қазанғапов @
Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші турында "Астана" өз алаңында "Маккаби Тель-Авивті"  4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ойынды қос команда да бақылаумен бастады. Алғашқы минуттарда ширақ шабуылдар мен қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. "Астана" ойыншылары соққы бағыттағанмен, қақпашының тура қолынан табылып жатты. 32 минутта "Маккаби" ойыншылары ереже бұзып, бас төреші Сергей Бойко айып соққысын белгіледі. Патрик Твумаси тепкен доп жартылай қорғаушы Дор Перецтің қолына тиді. Қонақтар қақпасына пенальти соққысы белгіленді. 11 метрлік нүктеден Патрик Твумаси мүлт кеткен жоқ. Есеп 1:0.

42 минутта Дмитрий Шомконың әуелете асырған пасына Патрик Твумаси бірінші жетіп, ойындағы екінші голын соқты.



Екінші тайм басталған тұста Джуниор Кабананга Придраг Райкович қақпасында үшінші рет допты тулатты. "Астана" командасы шабуылшысының айып алаңы сыртынан тепкен добы тура қақпа торынан табылды. Араға 5 минут сала Дмитрий Шомко бірнеше ойыншыны алдап өтіп, Кабанангаға сәтті пас берді. Шабуылшының шиіре тепкен добы қақпа торынан табылды. 

Одан кейінгі аралықта "Астана" ойыншылары бірнеше рет жүйелі шабуыл ұйымдастырғанмен, қонақтар қорғаушылары бесінші голды соғуға мүмкіндік бермеді. 



Үш ойын қорытындысы бойынша 4 ұпай жинаған "Астана" үшінші орында келеді. "Вильярреал" (Испания) мен "Славия Прага" (Чехия) командаларында 5 ұпайдан бар.

Патрик Твумаси УЕФА таңдауымен ойындағы үздік футболшы атанды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар