auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты

Елордалық команда Кипрдің АПОЭЛ клубын ойын соңындағы пенальти сериясында ұтты.

"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты
fca.kz
"Астана" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. Кипрдің АПОЭЛ командасына қарсы өткен қарымта ойында елордалық команда қарсыластарын кездесу соңындағы пенальти сериясында ұтты.

Ойынды елордалық команда шабуылмен бастады. Қарсыластар қорғана жүріп ойнауға көшті. Сондай сәттердің бірінде Марин Томасовтың тепкен добы Карлаоның қолына тиді. Бас төреші Якоб Кехлет ереже бұзылғанын аңғарып, пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыдан Педро Энрике мүлт кеткен жоқ. Доп Ватерманн қорғаған қақпа торында тулады.

Екінші таймда есепті теңестіруге тырысты. "Астана" ойыншылары да аянып қалмады. 56 минутта Ричард Алмейданың тепкен добын АПОЭЛ қақпашысы қайтарып үлгерді. Ал 70 минуттан аса қонақтардың шабуылда қарқыны артты. Ненад Эричтің қақпасына жиі шабуылдаумен болды.

Негізгі уақыт аяқталар тұста елордалық команда ойыншыларының қарымта шабуылы жергілікті жанкүйерлерді желпіндірген. Алайда гол соғылмады. Ойын 1:0 есебімен аяқталып, командалар топтық кезеңге шыққан команданы экстра-таймда анықтауға аттанды.

Бірінші экстра-таймда қонақтар шабуылдаумен болды. "Астана" қорғаныста ойнады. Ал 115 минутта Педро Энрикенің артқа берген пасы сәтсіз болып, қонақтар гол соғуға аз қалды. Ненад Эрич алға шығып, допты қайтара білді. 1:0 есебі сақталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Пенальти сериясында "Астана" қақпашысы Ненад Эрич ерледі. Екі бірдей пенальтиді қайтарып, командасын алға сүйреді. Қонақтардың екі ойыншысы допты қиыс тепті. Нәтижесінде 2:1 есебімен "Астана" жеңіске жетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар