Лига Европы
31 тамыз 2019 01:47

"Астана" Еуропа лигасында "Манчестер Юнайтедпен" ойнайды

30 тамызда елордалық "Астана" клубының қатысуымен Монкаода Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеребе тасталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Соның нәтижесінде, Қазақстанның үздік командасы ұлыбританиялық "Манчестер Юнайтед", сербиялық "Партизан" және нидерландтық "Алкмаар" командаларымен бақ сынайтыны белгілі болды.

Жеребе нәтижесі мынадай:

    А тобы : "Севилья" (Испания), АПОЭЛ (Кипр), "Карабах" (Әзірбайжан), "Дюделанж" (Люксембург).

    В тобы : "Динамо" (Украина), "Копенгаген" (Дания), "Мальме" (Швеция), "Лугано" (Швейцария).

    С тобы : "Базель" (Швейцария), "Краснодар" (Ресей), "Хетафе" (Испания), "Трабзонспор" (Түркия).

    D тобы : "Спортинг" (Португалия), ПСВ (Нидерланды), "Русенборг" (Норвегия), "Ласк" (Австрия).

    Eтобы : "Лацио" (Италия), "Селтик" (Шотландия), "Ренн" (Франция), ЧФР (Румыния).

    F тобы: "Арсенал" (Ұлыбритания), "Айнтрахт" (Германия), "Стандард" (Бельгия), "Гимарайнш" (Португалия).

    G тобы : "Порту" (Португалия), "Янг Бойз" (Швейцария), "Фейеноорд" (Голландия), "Рейнджерс" (Шотландия).

    H тобы : ЦСКА (Ресей), "Лудогорец" (Болгария), "Эспаньол" (Испания), "Ференцварош" (Мажарстан).

    I тобы : "Вольфсбург" (Германия), "Гент" (Бельгия), "Сент-Этьен" (Франция), "Александрия" (Украина).

    J тобы : "Рома" (Италия), "Боруссия М" (Германия), "Истанбул" (Түркия), "Вольфсберг" (Австрия).

    K тобы : "Бешикташ" (Түркия), "Брага" (Португалия), "Вулверхэмптон" (Ұлыбритания), "Слован Братислава" (Словакия).

    L тобы : "Манчестер Юнайтед" (Ұлыбритания), "Астана" (Қазақстан), "Партизан" (Сербия), "Алкмаар" (Нидерланды).

Топтық кезеңнің бірінші ойындары 19 қыркүйекте басталып, 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
     
Финалдық кездесу 2020 жылы 27 мамырда Гданьск қаласында "Энерга-Гданьск" стадионында өтеді.

Айта кетейік, "Астана" Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундында белорусьтің БАТЭ командасын жеңу арқылы шықты. Қазақстандық команда қатарынан бесінші рет еурокубоктің негізгі турниріне шығып отыр.