Лига Европы
3 қараша 2017 11:15
 
"Астана" бірінші рет еурокубок додаларда түзде өз қақпасына гол жібермеді

  Пікірлер

blog.share

"Астана" бірінші рет еурокубок додаларда түзде өз қақпасына гол жібермеді Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.

"Астана" клубы еурокубоктық додаларының топтық кезеңінде бірінші рет өз қақпаларына гол жібермеді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Елордалық клуб еурокубок додаларына үшінші жыл қатарынан қатысып келеді. 2015/16 жылы Чемпиондар лигасында, 2016/17 және 2017/18 жылдары Еуропа лигасында өнер көрсетіп жатыр. 

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Астана" төрт рет тең ойнап, екі рет ұтылды. Тарқатып айтсақ, біздің команда "Бенфикаға" 0:2 есебімен есе жіберсе, мадридтік "Атлетико" клубынан 0:4 есебімен жеңілді. Ал "Галатасараймен" 1:1 есебімен тең тарқасты. 

Еуропа лигасында үш рет жеңіліп, екі рет тең ойнады. Түзде "Астана" АПОЭЛ клубынан 1:2 есебімен, "Вильярреалдан" 1:3 есебімен жеңілсе, тель-авивтік "Маккаби" клубынан 1:0 есебімен үстем түсті. 

Көріп отырғандарыңыздай "Астана" кеше түзде тек бірінші рет жеңіске жетіп ғана қоймай, сырт алаңда еурододалардың топтық кезеңінде бірінші рет өз қақпасына гол жібермеді. 

Еске салайық, кеше елордалық клуб Израиль жерінде "Маккаби" клубын 1:0 есебімен жеңіп, Еуропа лигасында өз тобында екінші орынға көтерілді. 

Жарнама

Живи спортом!