auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" бірінші ойында АПОЭЛ-ге есе жіберді

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 30 тамыз күні Астанада өтеді.

Футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші ойында "Астана" Кипрдің АПОЭЛ командасына есе жіберді. Никосияда өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Сырт алаңдағы елордалық команданы Григорий Бабаян бастап барды. Команданың бас жаттықтырушысы Роман Григорчук уақытша демалысқа кеткен болатын.

Ойында АПОЭЛ командасына жеңіс сыйлаған голды 79 минутта Кажу соқты. Стандартты шабуыл кезінде алаң иелерінің көздегені орындалды.

Екінші тайм басында Педро Энрике гол соққан-ды. Алайда төрешілер оффсайд болғанын аңғарып, голды есепке алмады. Ал "Астананың" бірінші таймда гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған. Бірақ сәттілік серік болмады. 



Қос команда арасындағы қарымта кездесу 30 тамыз күні Астанада өтеді. Ойын сағат 20:00-де басталады. Екі қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығады.

Айта кетейік, екі команданың ойыны бір-біріне таңсық емес. Осыған дейін еурокубокте жолдары түйіскен. 2015 жылы қазақстандық клуб қарсыластарын екі ойын қорытындысы бойынша (1:0, 1:1) ұтып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын. 2016 жылғы маусымда екі команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде бір топта болды. Өз алаңдарындағы ойындарда 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар