Лига Европы
3 қараша 2017 10:55
 
"Астана" биыл Еуропа лигасынын қанша пайда тапты?

  Пікірлер

blog.share

"Астана" биыл Еуропа лигасынын қанша пайда тапты? Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" футболшылары кеше түнде түзде изральдік "Маккабиді" жеңіп, Еуропа лигасы топтық кезеңінде тағы 360 мың еуро пайда қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Нетания қаласында өткен ойын 0:1 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды елордалық команданың ганалық шабуылшысы Патрик Твумас соқты. Матчтағы голды мына сілтеме бойынша көре аласыздар. 

Осылайша "Астана" қазір Еуропа лигасында жалпы 7 миллион 20 мың табыс тауып отыр. 

Еуропа лигасының топтық кезеңіне "Астана" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен өткен еді. Ал Чемпиондар лиагсының екінші кезеңіде жеңіске жеткені үшін біздің клуб 320 мың еуро кіріс кіргізсе, плей-офф кезеңінен шығып кеткені үшін 3 милллион еуро, Сонымен қатар Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмағаны үшін Стойлов шәкірттері тағы 260 мың еуро сыйақы алды. 

Ал Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін "Астана" 2,6 миллион еуро алды. Бұл турнирдің топтық кезеңінде жеңіске жеткені үшін 360 мың еуро, ал тең нәтиже үшін 120 мың еуро алады. Сонымен қатар бұл бәсекедегі әрбір командаға ТВ-трансляциядан түскен пайданың үлесі де беріледі. 

Айта кетейік, Еуропа лигасының топтық кезеңінде бірінші орын алған команда қосымша тағы 600 мың еуро алады. Екінші орын алған ұжымға 300 мың еуро беріледі. 

Жалпы биылғы Еуропа лигасының жалпы жүлде қоры 399,8 миллион еуроны құрайды. Бір клуб бұл турнирде жалпы 15,71 миллион еуроға дейін кіріс кіргізуге мүмкіндігі бар. 

Жарнама

Живи спортом!