Қазақстандықтар Таллинде өткен IRONMAN жарысында үздік нәтиже көрсетті
Қазақстандық триатлоншылар Салтанат Қазыбаева мен Алексей Сидоренко Эстония астанасы Таллинде өткен IRONMAN жарысында толық дистанцияны бағындырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық триатлоншылар Салтанат Қазыбаева мен Алексей Сидоренко Эстония астанасы Таллинде өткен IRONMAN жарысында толық дистанцияны бағындырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Таллинде өткен жарыста супертриатлонның "темір" дистанциясының талаптары мынадай: 3,8 шақырым жүзу, 180 шақырым велосипедпен және 42 шақырым 195 метрді жүгіріп өту.
Жарысқа әлемнің 50 елінен 1500-нан аса спортшы қатысты. Қазақстанның атынан екі триатлет шықты - Салтанат Қазыбаева мен Алексей Сидоренко. Екеуі де Age Group санатында.
Екі спортшы да толық дистанцияны бағындырды. Сидоренко 10:24:48 секундта келіп, жалпы есепте ерлер арасында 35-39 жас аралығында 185 атлеттің арасында 56-шы орынды иеленді.
Өз кезегінде Қазыбаева толық дистанцияны 11:03:36 секундта бағындырып, әйелдер арасында 30-34 жас аралығында 11-ші орынды иеленді.
Жарнама