Триатлон
Бүгін 15:35
 

Қазақстандық триатлоншы жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдесін алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық триатлоншы жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдесін алды ©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Рамазан Әйнегов Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола жеңіп алды.

blog.share

Қазақстан құрамасының өкілі Рамазан Әйнегов Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола жеңіп алды.

Қазақстандық триатлоншы жарыс жолын 53 минут 27 секундта бағындырды. Ол жапониялық Дайки Нисидзакимен бір уақытта мәреге жетіп, үшінші орынды өзара бөлісті. Екеуі де жеңімпаздан 14 секундқа қалып қойды.

Португалиялық Артур Гашпар 53 минут 13 секунд нәтижесімен топ жарды. Ал Люксембург өкілі Эмиль Ванолст (53:23) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасындағы медаль саны екіге жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!