Қазақстандық триатлоншы Дарын Қонысбаев Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтетін триатлоннан әлемдік серия кезеңінде бақ сынайды.
Отандасымыз ерлер арасындағы жекелей жарысқа қатысады. Бұл сында барлығы 55 спортшының есімі тіркелген.
Ерлер арасындағы жарыс 13 қарашаға жоспарланған.
Қатысушылар спринт қашықтығын еңсеруі тиіс.
Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша спортшылар Олимпиадаға іріктеу кезінде есепке алынатын рейтингтік ұпайларға ие болады.
Жарнама