Триатлон
Бүгін 19:55

Қазақстан триатлоннан әлем кубогының кезеңіне қатысады

©Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасы триатлоннан 7-8 қараша күндері Гонконгта өтетін әлем кубогының кезекті кезеңінде бақ сынайды.

Ұлттық құрама сапына үш спортшы кірді. Атап айтқанда, Арлан Жаңабай, Дарын Қонысбаев және Аян Бейсенбаев ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Арлан Жаңабай жақында Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған еді.

Ерлер арасындағы жарыстар 7 қарашада өтеді. Бұл бәсекеде жалпы 65 спортшы бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport