Триатлон
15 сәуір 2019 18:00
 
Екі қазақстандық спортшы IRONMAN-2019 әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Екі қазақстандық спортшы IRONMAN-2019 әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды Алексей Сидоренко. Сурет: themag.uz

Қазақстандық спортшылар Алексей Сидоренко мен Диана Шаймерденова супертриатлоннан IRONMAN халықаралық чемпионатына жолдама жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Триатлеттер Қытайдаң Лючжоу аймағында өткен IRONMAN сериясында жетістікке жетті. Қазақстандықтар негізгі жарыстың жартысына тең сайыста лицензия ұтып отыр.

Мұндай Қытайда өтетін жарыстарда ғана мүмкін - басқа жағдайда лицензия IRONMAN жарысын толық өтіп, бірінші орын алғанда ғана беріледі. Алайда ұйымдастырушылар өте танымал жас топтарына қосымша слот береді. 

Лючжоуға бес қазақстандық спортшы барған. Үшеуі өз жас дәрежесінде жүлделі орын иеленді. Осылайша, Шаймерденова 35-39 жасқа дейінгіде бірінші болды. Оның нәтижесі 4:53:57.

Сидоренко 35-39 жас категориясында екінші болды. Екінші орын мен жолдама үшін тартыс мәреге дейін болды - қазақстандық спортшы поляк Михал Космовскиден бір сикунд озып үлгерді - 4:25:21 және 4:25:22.

Үшінші орын Нағима Керімбаева. 40-44 жасқа дейінгі категорияда ол мәреге 5:04:03 уақытымен жетті. Өкініштісі, ол лицензияға қол жеткізе алмады, алайда, ол Ниццада өтетін "жартылай" сайысқа қатыса алады. 

Данияр Өтеулин 6:10:31 нәтижесін көрсетіп, 35-39 жас аралығында 64-ші болды. 40-44 жас категориясында өнер көрсететін Павел Артюшенко 18-ші боды, уақыты 4:53:52.

Айта кетейік, дәстүрлі IRONMAN әлемдік біріншілігі Гавайдағы Каилуа-Кона қаласының маңында өтеді. Әлем чемпионаты биыл 12 қазанда басталады.

Жарнама

Живи спортом!