auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алматыдағы триатлоннан Азия Кубогы басталды

Алматыдағы триатлоннан Азия Кубогы басталды
Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен
Алғаш рет Алматыдағы "Сайран" өзенінде триатлон бойынша Азияның ашық континентальды Кубогі басталды, мұнда 16 елдің, соның ішінде Австралияның, Бельгияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның және басқаларының 60-тан астам атлеттері медальдар үшін күресетін болады.

Халықаралық спорт сайысы екі күнге созылады. Бірінші күні жүгіруден, жүзуден,  велоспортынан кәсібилер жарысқа түседі, ал екінші күні әр түрлі жастағы тіркелген 150-ден астам әуесқойлар бәсекеге қатысады.



"Біз қазіргі кезде қала тұрғындарының белсенді және салауатты демалуы – велосипед тебуі, жүгіруі, жаяу жүруі үшін үлкен мүмкіндіктерді жасаудамыз. Қалада 68 километр веложолдар абаттандырылды, таяу жылдары біз оларды 100 километрге дейін жеткіземіз, аулаларда спорт алаңдарын жасау жалғасуда, жаяу жүргіншіге басымдық беретін көшелер жасалуда. Осының барлығы қала тұрындары мен қонақтарына жайлы болу үшін атқарылуда. Қазіргі кезде студенттер арасында футзалдан өтетін әлем Чемпионатына дайындалудамыз, халықаралық алқалы сайыс біздің қаламызда тамыз айының соңында өтеді, оған әлемнің 24 елінің спортшылары қатысады", - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек.



Жарысқа дайындық барысында Сайран өзенінің жағалауын абаттандыруға қатысты ауқымды жұмыстар жүргізілді. "Таза қалада өмір сүр!" акциясы барысында су арналары тазартылды, 6 тоннадан астам қоқыс шығарылды, балалар және спорт алаңдары салынды, соның ішінде футбол алаңы мен ұзындығы 5 шақырым болатын жүгіру жолы іске қосылды.



Айта кетерлігі, жыл басынан бері Алматыда 250 мыңнан астам адамды қамтыған 2,5 мыңнан астам спорттық және денешынықтыру-сауықтыру шаралары өтті, соның ішінде 2,5 мыңнан астамы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.



Қалада ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлкен назар аударылады. Қаланың барлық аудандарында қазақ күресі бойынша секциялар ашылған, қазақтың ұлттық "белдесу" күресі қайта жаңғырды, Алматы ипподромының жұмысы қолға алынды.



"Спорт менің ауламда" жобасы бойынша спортпен тұрақты айналысатын 18 мыңға жуық балаларды қамтитын ауладағы спорт алаңдарының саны артты. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын спортқа кеңінен тартатын және жеке спорт ұйымдарын тікелей компенсациялайтын "Батыл бол" жобасы жүзеге асты.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
12 қазан 2018, 16:28
Триатлон
Ержан Темірханов Қазақстандық әкім Ironman атанды

Жарнама

Жарнама