18 қазанда Шымкент қаласында нысана көздеу және стенд атудан Гран-при кезеңі басталады.
Аталған жарыста Қазақстан атынан 50-ден астам спортшы бақ сынайды.
Олардың қатарында ұлттық құрама өкілдері Александра Ле, Ислам Сәтпаев, Әсем Орынбай, Валерий Рахымжан, Никита Чирюкин бар.
Айта кетейік, Гран-при кезеңі 28 қазанға дейін жалғасады.