Никита Чирюкин ел қоржынына кезекті жүлдені салды
Чирюкин 588 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды. Ол осы көрсеткішімен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының рекордын жаңартты.
Аталған сайыста қытайлық Джиахао Сао күміспен күптелсе, оңтүстік кореялық Джеоюн Юн қолаға қол жеткізді.