Стенд ату
Бүгін 08:58

Қазақстандық мерген әлем рекордын қайталап, Алматыдағы Әлем кубогында алтын жеңіп алды

©GOV.KZ

Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алды.

Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол әйелдер арасындағы "скит" жаттығуында топ жарды.

Финалда қазақстандық спортшы 33 ұпай жинады. Осы нәтижемен Әсем Орынбай биыл командаласы Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады.

Қытайлық Итин Цзян 30 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңі 4 мамырда басталды. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр және 11 мамырға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport