Стенд ату
Кеше 20:05

Алматыда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді

©ҚР ҰОК

Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді.

Жарыс Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында ұйымдастырылады.

Әлем кубогының кезеңіне әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Турнирде «трап», «скит» дисциплиналары бойынша және аралас командалар арасындағы сайыста сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Әлем кубогының кезеңі 2-11 мамыр аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport