Зарина Диясты ұтқан Юлия Путинцева Чарльстондағы WTA турнирінің үшінші айналымына шықты

Сурет: regnum.ru

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Чарльстондағы жарыста отандасы Зарина Диасты ұтып, Volvo Car Open турнирінің үшінші айналымына шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Путинцева екі сетте басым болды - 6:2, 6:2. Ойын 1 сағат 22 минутқа созылды. Матч кезінде Юлия екі эйс жасады, ал Заринада мұндай болмады. Онымен қоса Дияс үш қосарлы қателік жіберді, ал Путинцева тек біреу. 

Үшінші раундта Путинцева әлемнің 13-ші ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусамен ойнайды. Кездесу 8 сәуірде өтеді.