Теннис
28 қыркүйек 2021 19:43

Зарина Дияс Нұр-Сұлтандағы турнирдің екінші айналымына өтті

©olympic.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан WTA Astana Open 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жарысты бірінші кезеңнен бастаған теннисшіміз Зарина Диас келесі кезеңге өтті. Алғашқы айналымда оның қарсыласы 19 жастағы ресейлік Анастасия Захарова болды. Шамамен 3 сағатқа жалғасқан бұл кездесуде Дияс 2:1 есебімен басым түсті.

Ойынның бірінші кезеңін қазақстандық теннисші тай-брейкте 7:6 есебімен жеңді. Бірақ екінші кезеңде ресейлік теннисшінің қарқыны мықты болды. Ол партияны 6:4 есебімен аяқтады. Сөйтіп, теннисшілер матчтың жеңімпазын үшінші сетте анықтады. Шешуші кезең барысында Заринаны көрермендер керемет қолдады. Жанкүйерлерінің қолдауынан жігерленген отандасымыз 11 гейм барысында брейкке қол жеткізді. Ал 12 геймде Дияс тек үшінші матч болды сәтті пайдаланып, ойынға нүкте қойды.

Енді турнирдің 8/1 финалында Дияс беларусь қызы Вера Лапкоға қарсы кездесу өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport