Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Люксембургеті WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз WTA турнирінің үш дүркін жеңімпазы словакиялық Анна Шмидловамен кездесіп, жеңіске жетті.
Бірінші сетті Дияс қарсыласына бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші сетті Шмидлова 6:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Ал шешуші үшінші сетте отандасымыз 6:4 есебімен ұтты.
Бұл кездесуде Дияс допты ойынға қосу кезінде төрт рет қателесіп, 16 брейк жасайтын мүмкіндіктің бесеуін сәтті пайдаланды. Ал Шмидлова болса үш рет допты ойынға қосу кезінде қателесіп, 7 мүмкіндіктен 3 брейк жасады.
Енді келесі айналымда Диястың қарсыласы әлемнің 12-ші нөмірлі теннисшісі Белинда Бенчич болады. Бұл ойын 15 қыркүйекке жоспарланған.