Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияда өтіп жатқан Villa De Tauste Open W35 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымыз жартылай финалда жапониялық Хироми Абэні 2:0 (6:1, 6:2) есебімен жеңді.
Зарина финалда италиялық теннисші Дилетта Керубинимен кездеседі. Ойын 22 маусым күні өтеді.
Қарсыласы WTA рейтингінде 446-орында тұрған теннисші. Отандасымыз бұл рейтингте 275 сатыда келеді.