Зарина Дияс Australian Open-де әлемнің экс бірінші рактеасынан ұтылды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Аустралияның Ашық чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 12 ақпанда өткен үшінші айналымда ол испаниялық Гарбинье Мугуруса - бұрын әлемнің бірінші ракеткасы болған және "Үлкен дуылғаның" екі титулын иеленген теннисшімен ойнады. 

Кездесу бір сағаттай өтіп, Зарина екі сетте теңдей есеппен - 1:6 есе жіберді. Дияс бірде-бір эйс жасай алмай, бір брейк-пойнт та ұта алмады және бір қосарлы қате жіберді. 

Айта кетейік, бұл турнирде жарысты жалғастыратын Қазақстанның жалғыз өкілі Юлия Путинцева болып отыр. 

Метки: