Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-та өтіп жатқан W80 Макон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда Дияс америкалық Виктория Дювальді екі сетте ұтты (6:1 и 6:4). 76 минут жалғасқан матчте Зарина допты ойынға қосуда бір ғана рет қателесті.

Қазақстандықтың келесі қарсыласы бразилиялық Беатрис Хаддад Майя болады.

Дияс пен Хаддад Майя ойыны бүгін, 23 қазан 21:00 басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: