1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Теннис
1 желтоқсан 17:29
 

Зарина Диас Australian Open турниріне іріктеуден өтті

  Пікірлер

blog.share

Зарина Диас Australian Open турниріне іріктеуден өтті ©instagram.com/zarinadiyas

Қазақстандық теннисші Зарина Диас 2026 жылғы Австралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды.

blog.share

Қазақстандық теннисші Зарина Диас 2026 жылғы Австралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Отандасымыз Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific іріктеу турнирінде осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Осы жарыстың жеңімпазы Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне wild card алу мүмкіндігіне ие болатын.

Іріктеудің финалында Зарина Тайбэй өкілі Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Зарина Australian Open жарысында 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдары үшінші айналымға дейін жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!