Юрий Польский Азия теннис федерациясының президенті болып сайланды

©ktf.kz

Қазақстандық Юрий Польский алдағы 4 жылға ATF (Азия теннис федерациясы) президенті болып сайланды. Сайлау сейсенбіде Бангкоктағы ATF бас сессиясы аясында өтті.

Таиланд, Жапония және Шри-Ланкадан тағы үш адам ATF президенті болуға үміткер болды. Сайлау барысында Юрий Польский ең көп дауыс жинады. 55-тің 34-і қазақстандықты қолдады.

ATF Президенті болғаннан кейін Юрий Польский Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін де басқарады, онда ол соңғы 4 жылда вице-президент қызметін атқарған.

Сайлаудың негізгі факторы соңғы 16 жылда Қазақстан теннис федерациясы жүргізіп келе жатқан реформалар болды. Бұл тәжірибемен Қазақстан теннис федерациясының өкілдері өңірлік бастамалар шеңберінде бөліседі және осыған ұқсас өзгерістер 44 елде теннисті дамыту үшін зор әлеуетке ие Азия өңірі елдерінде жоспарланған.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: