Теннис
17 қараша 2021 21:41
 

Юрий Польский Азия теннис федерациясының директорлар кеңесіне сайланды

  Пікірлер

blog.share

Юрий Польский Азия теннис федерациясының директорлар кеңесіне сайланды ©ktf

Қазақстан теннис федерациясы халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

blog.share

Қазақстан теннис федерациясы халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский Азия теннис федерациясы (ATF) директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Қазақстандық 17 үміткер арасында көп дауыс жинап кеңеске өтті. Осылайша, алдағы 2 жылда Азия теннис федерациясының басқарушы органында еліміздің өкілі отырады деп айтуға болады. Бұл Қазақстанның теннис федерациясы беделінің және оның халықаралық деңгейде жоғары дәрежеде ұстап тұруының кезекті дәлелі болып саналады.

"Жақында ATF отырысы өтті. Биылғы жылдың нәтижелері мен Азиядағы теннисті дамытудың 2022 жылға арналған жоспарлары талқыланды. Азия спортшыларының нәтижелері атап өтілді. Айта кету керек, қазақстандық теннисшілер әрдайым жоғары орындарға ие болып жүр. Атап айтқанда, ерлер рейтингінде Азияның бірінші ракеткасы - Александр Бублик, әйелдер рейтингісінде - Елена Рыбакина екінші, ал Юлия Путинцева үшінші орында тұр. Сонымен қатар, Рыбакина Токио Олимпиадасында керемет өнер көрсетті, ол медальдар үшін таласта төртінші орынға ие болды. Келесі жылы Азиядағы неғұрлым белсенді ынтымақтастық қажет екенін талқыланды. Қазақстан теннис федерациясына 12 жасқа дейінгі жоба – Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов бөлген қаражат есебінен бүкіл әлем бойынша қаржыландырылатын командалық өңірлік жарыстар үшін жеке алғыс білдірілді. Сондай-ақ, жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында биыл 22-28 қараша аралығында өтетін 12 жасқа дейінгі Азия біріншілігінің финалы өтеді. Өз жұмысымызда балалар мен жасөспірімдер теннисін дамытуға үлкен көңіл бөлетін боламыз. Азия құрлығы қарқынды дамып келе жатқан құрлықтың бірі болып саналады, әлеуетіміз зор", - деп атап өтті Польский.

Естеріңізге сала кетейік, Азия теннис федерациясы Халықаралық теннис федерациясымен байланысты коммерциялық емес ұйым болып табылады. АТФ - Азия елдерінің ұлттық теннис қауымдастықтарының континенталды органы. Негізгі міндеттері Азия теннисінің сапа стандартын дамыту және арттыру болып табылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!