Юлия Путинцева WTA рейтингінің топ-30 тізіміне қайта кірді

Сурет: ©REUTERS

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің топ-30 тізіміне оралды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол 31-ші орыннан 30-шы орынға қайта көтерілді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 23-ші орынды сақтап қалды, ал Зарина Дияс 88-ден екі саты төмендеп 90-шы болды.

Эшли Барти (Аустралия), Наоми Осака (Жапония) және Симона Халеп (Румыния) сияқты ең мықты үштік өзгеріссіз қалды.

Еске салайық, Путинцева Чарльстондағы WTA турнирінің ширек финалына дейін жетіп, 12 мың доллар және 100 рейтингтік ұпай иеленді.

 

Метки: