Юлия Путинцева Чарльстондағы (Оңтүстік Каролина, АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымында сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Америкалық Аманда Анисимовамен кездескен отандасымыз 1:6, 2:6 нәтижесімен есе жіберді.
Тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина аталмыш турнирдің екінші айналымында украиналық Ангелина Калининамен кездеседі.
Еске салайық, Путинцева бірінші кезеңде жергілікті теннисші Робин Андерсонды 6:2, 7:7 есебімен ұтқан еді.