Юлия Путинцева "Уимблдон" турнирінің екінші айналымында жеңілді

Сурет: rock.net
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан "Уимлдон" турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің екінші айналымында WTA рейтингінің 43-ші сатысында тұрған Путинцева әлемнің 33 нөмірлі теннисшісі испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, 6:1, 6:1 есебімен ұтылды. 

1 сағат 20 минутқа жалғасқан кездесуде 23 жастағы Бадоса екі эйс және бес брейк жасады. Ал 26 жастағы Путинцева эйс жасай алмады. Отандасымыз екі брейк жасады. 

Айта кетейік, Лондонда бұл теннисшілер алғаш рет кездесті. 

Енді турнирдің үшінші айналымында Бадоса украиналық Элина Свитолина мен польшалық Магда Линнет арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 

 

Метки: