Юлия Путинцева "Уимблдон" турнирінің екінші айналымына өтті

Сурет: Tennis Canada©

Юлия Путинцева "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымынан өтті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Аталған турнирдің бірінші айналымында қазақстандық теннисші Болгария елінің өкілі Цветана Пироковамен кездесті. Бұл кездесу 6:3, 6:1 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. 

Кездесу бір сағат жеті минут болды. Ойын барысында Путинцева екі эйс жасап, 12 брейк жасайтын мүмкіндітің бесеуін сәтті пайдаланды. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Путинцева WTA рейтингінде 103-ші орында тұр. 

Енді келесі айналымда қазақстандық теннисші испаниялық Паула Бадоса Хибертке қарсы кездесу өткізеді. 

 

Метки: