Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Юлия Путинцева "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымында ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Әлемнің 33-ракеткасы саналатын Путинцева 37-орында тұрған француз Ализи Корнеге есе жіберді. 1 сағат 47 минутқа созылған матчта Корне 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Шөп төсенішіндегі ойында Путинцева үш рет эйс жасады.
Енді Путинцева турнирдегі жекелей жарысын аяқтағанымен, жұптық бәсекеде бельгиялық Янина Викмайермен бірге канадалық-мексикалық жұп Габриэла Дабровски мен Джулиана Олмосқа қарсы ойнайды.