Юлия Путинцева Словенияда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты

17 қыркүйек 2021 19:05
©olympic.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Словенияда өтіп жатқан турнирде италиялық Лючия Бронцеттиді жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ширек финалдық кездесуді отандасымыз 2:0 (6:3, 6:2) есебімен өз пайдасына аяқтады. 

Кездесу 1 сағат 24 минут болды. Ойын барысында теннисшілер бірде-бір эйс жасамады. Путинцева допты ойынға қосу кезінде үш рет қателессе, Бронцетти бір рет қателік жасады. 

Енді жартылай финалда Путинцева Ясмин Паолини (Италия) - Сорана-Михаэла Кырстя (Румыния) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: