Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Словенияда өтіп жатқан турнирде италиялық Лючия Бронцеттиді жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ширек финалдық кездесуді отандасымыз 2:0 (6:3, 6:2) есебімен өз пайдасына аяқтады.
Кездесу 1 сағат 24 минут болды. Ойын барысында теннисшілер бірде-бір эйс жасамады. Путинцева допты ойынға қосу кезінде үш рет қателессе, Бронцетти бір рет қателік жасады.
Енді жартылай финалда Путинцева Ясмин Паолини (Италия) - Сорана-Михаэла Кырстя (Румыния) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.