Теннис
30 қыркүйек 2021 19:44

Юлия Путинцева Нұр-Сұлтандағы турнирдің жартылай финалына шықты

©olympic.kz. Юлия Путинцева

Әлемдік рейтингте 47-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA Astana Open 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 160-орында тұрған ресейлік Анастасия Гасановамен кездесті. Бұл ойында Путинцева 6:3, 4:6, 6:0 есебімен жеңіске жетті. 

Кездесу 2 сағат 35 минут болды. Ойын барысында Юлия екі брейк істеп, допты ойынға қосу кезінде бір рет қателесті. Ал Гасанова болса 13 мәрте допты ойынға қосу кезінде қателікке бой алдырып, бір эйс жасады. 

Енді жартылай финалда Путинцева Анастасия Потапова (Ресей) - Ребекка Петерсон (Швеция) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport