Юлия Путинцева Мадридтегі турнирдің екінші айналымына өтті

©ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Madrid Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Юлия Путинцева америкалық теннисші, әлемнің 55-ракеткасы Клер Лимен ойнады. Есеп 6:4, 6:4.

Матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

Юлия Путинцева матч кезінде бір эйс орындап және бірде-бір қос қателік жасамады. Енді ол турнирдің келесі кезеңінде франциялық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Каролин Гарсиямен ойнайды.

Қазақстандық теннисші бір күн бұрын WTA-рейтингісінде 6 саты төмен түсіп, 45-орыннан 51-орынға жайғасқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport