Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапештте (Венгрия) WTA турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ширек финалда Путинцева украиналық Катерина Козловамен кездесіп, 6:7(4:7), 6:0, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Ойын 2 сағат 39 минутқа созылды. Матч барысында қазақстандық теннисші төрт эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде мүлде қателеспеді. Ал Козлова допты ойынға қосу кезінде алты рет қателесіп, бір ғана эйс жасады.
Енді Путинцева бұл турнирдің жартылай финалында Далма Галфи (Венгрия) - Ольга Данилович (Сербия) арасындағы жеңімпазбен кездеседі.